Мемлекеттік тіл – елдің тұтастығы мен жаңғыруының тірегі.
Қазақ тілі - еліміздің басты құндылығы, тәуелсіздіктің айшығы және халықты біріктіретін ортақ күш. Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттік тілдің дамуы тек мәдениет саласының емес, ақпараттық және құқықтық кеңістіктің де маңызды бағыты болып отыр. Цифрлық технологиялардың жылдам дамуы мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара байланысын жаңа деңгейге көтерді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі орны мен қолданысын кеңейту – уақыт талабы және мемлекеттік саясаттың басым бағыты.
Цифрлық дәуір – тіл дамуының жаңа мүмкіндігі
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы мемлекеттік басқару саласына үлкен серпін беріп, құжат айналымы мен ақпараттық қызметтерді цифрландыруға жол ашты. Сонымен бірге, бұл үдеріс қазақ тілін жаңа технологиялармен ұштастыра отырып дамытуға мүмкіндік берді.
Бүгінде халыққа қолжетімді бірқатар жобалар іске қосылған:
Бұл - мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі өміршеңдігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар.
Этносаралық қатынас тілі - қоғам бірлігінің кепілі
Қазақ тілінің дамуы тек ұлт мәдениетін сақтаумен шектелмейді. Ол - елдің рухани және әлеуметтік бірлігінің негізі. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп келеді.
Олардың бәрін біріктіретін ортақ тіл - қазақ тілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:
«Қазақ тілі - ұлтымызды ұйыстыратын, елді біріктіретін басты фактор».
Қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретінде орнығуы - қоғамның тұрақтылығын сақтауға, өзара сенімді нығайтуға және елдегі келісім мен бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тілді үйрену – азаматтың елге деген құрметі мен жауапкершілігінің көрінісі.
Тіл саясатының жаңа кеңістігі - интернет пен әлеуметтік орта
Интернет пен әлеуметтік желілер қазіргі уақытта тіл саясатының маңызды алаңына айналды. Қазақ тіліндегі сапалы контенттің көбеюі – тілдің болашағына кепіл. Қоғамдық пікір, мемлекеттік ақпарат және білім беру бағытындағы материалдар қазақ тілінде кеңінен таралуда. Мемлекеттік мекемелердің ресми сайттары мен парақшаларында қазақ тілінде толық ақпарат беру - мемлекеттік қызметтің сапасын және халық сенімін арттыратын фактор. Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі дамуы мен этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту – заманауи мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Бұл бағытта әрбір мемлекеттік қызметкердің, әрбір азаматтың жеке үлесі маңызды.
Баяхметова Елмира
Әкімшілік бөлімі бас маманы