Меню

Страницы

Статья

Ана тілін қадірлеу – перзенттік парыз

Қыркүйектің 5-і – Қазақстан халқы тілдерінің күні. Бұл күн – әрбір азаматқа өз тілін қастерлеудің, рухани байлықты сақтаудың маңызын еске салатын мереке. Қазақ халқы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп бекер айтпаған.
Ана тілі – ұлттың жүрегі, елдіктің айнасы. Ол – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты, ұрпаққа берілетін асыл қазынасы. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлағатты сөздің мәнін ұмытпау – әрбір қазақстандықтың парызы.
Қазақ тілі – тәуелсіздігіміздің тірегі. Оның мәртебесін көтеру – болашағымызды қорғау. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дегендей, өзге тілдерді меңгеру дұрыс, ал ана тіліңді ардақтау – міндет. Себебі туған тіл – адамға қанмен біткен қасиет..
Тіл – халықтың тарихы мен тағдыры. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деп Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаса керек. Біз ана тілімізді қадірлегенде ғана ұлттық рухымызды биіктетеміз.
Қазақстан халқы тілдерінің күні – елдегі әрбір этностың тіліне құрмет көрсету, бірлік пен ынтымақты дәріптеу мерекесі. Бұл күн – жас ұрпаққа «Тіл – халықтың жаны» екенін ұқтырып, туған тілді ардақтауға тәрбиелеудің тамаша мүмкіндігі. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет, бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріде қазақ тілін меңеруге зейін қойып, еркін меңгеруге талпынып отыр.
«Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте» дегендей, туған тілді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті мен перзенттік борышы.
Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімдерінде жалпы «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру мақсатында жоспарланған жұмыстар өз ретімен орындалуда, қазақтың тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін, ең бастысы, тілін насихаттайтын іс-шараларбелсенді жүргізіліп тұрады. Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында «Тіл – ең қымбат қазына» атты тақырыпта Департамент қызметкерлерінің балаларымен шығарма жазу байқауы ұйымдастырылуда.
Ана тілін ұлықтап, оның мәртебесін арттырып отыратын халықтың егемендігі баянды, тұғыры биік болады. Біздің борышымыз, азаматтық міндетіміз өз тілімізді ұлықтау, бағалау, мәртебесін арттыру.



Исмагулова Г. Ж.
Әкімшілік бөлімінің бас маманы

Дата публикации
03 сентября 2025
Дата обновления
03 сентября 2025
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Информация
20 ноября 2025
Электронный апостиль.
Информация
07 ноября 2025
Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі дамуы және этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі
Информация
08 октября 2025
Законодательные новшества в сфере РАГС

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК