Меню

Страницы

Статья

Қазақ тілі - бірегейліктің негізі

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ғана емес, мемлекеттік басқару ісінің маңызды құралы. Тәуелсіз еліміздің егемендік белгісі саналатын ана тілімізді мемлекеттік қызметте кеңінен қолдану – ел алдындағы жауапкершіліктің, ұлттық сана мен парасаттың көрінісі.

Мемлекеттік қызметкер - халық пен билік арасындағы алтын көпір. Оның сөйлеген сөзі, жазған құжаты, халықпен қарым-қатынасы тіл мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік қызметкер қазақ тілін еркін меңгеріп, ресми іс-қағаздарын сауатты жүргізуі - заман талабы. Бұл тек заңдық міндет қана емес, сонымен қатар азаматтық парыз.

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру үшін соңғы жылдары бірқатар нақты қадамдар жасалуда. Мемлекеттік органдарда құжат айналымының басым бөлігі қазақ тілінде жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгейін арттыру үшін курстар ұйымдастырылып, талаптар күшейтілуде. Сонымен қатар, қазақ тілді контенттің сапасы мен көлемі де артуда.

Дегенмен, мемлекеттік тілдің толыққанды орнығуы - әрбір қызметкердің ниетіне, тілді құрметтеуіне, оны күнделікті қолданысқа енгізуіне байланысты. Қазақ тілінде сөйлеу тек тіл саясатының міндеті емес, ол ұлттық болмысты сақтау мен қоғаммен ашық, түсінікті қарым-қатынас орнатудың алғы шарты.

Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің беделі - мемлекеттің беделі. Қазақ тілі биік тұғырдан көрінгенде ғана халық пен билік арасында сенім артады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер ана тіліміздің абыройын көтеруге атсалысуы қажет.

 

Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Айтбаева Р.А.

Дата публикации
05 июня 2025
Дата обновления
05 июня 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 ноября 2025
Электронный апостиль.
Информация
07 ноября 2025
Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі дамуы және этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі
Информация
08 октября 2025
Законодательные новшества в сфере РАГС

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК