Мемлекеттік тіл – бұл халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігін және мәдениетін білдіретін негізгі символдардың бірі. Қазақ тілі – біздің ұлттық рухымыздың көрінісі, тарихымыздың, дәстүріміздің және болашағымыздың кепілі.
Қазақстан Конституциясына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде белгіленген. Бұл тек заңдық норма емес, сонымен қатар әрбір азаматтың патриоттық сезімінің көрінісі. Мемлекеттік тілді меңгеру – бұл біздің міндетіміз және ұлттық бірегейлігімізді сақтауға атсалысу.
Қазіргі заманғы әлемде тіл – бұл тек қарым-қатынас құралы емес, сонымен қатар ұлттың рухани қазынасы. Қазақ тілін дамыту және оны күнделікті өмірде қолдану – әрбір азаматтың парызы. Біз бәріміз мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсініп, оны қорғауға және дамытуға үлесімізді қосуымыз керек.
Мемлекеттік тіл – бұл біздің бірлігіміздің нышаны. Оны құрметтеу және дамыту арқылы біз өз тарихымызды, мәдениетімізді және болашағымызды сақтаймыз.
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздікті айқындайтын басты белгілерінің бірі.
Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмайды. Мемлекеттік тілдің пайдаланысын азайтуға мүмкіншілік берілмеу қажет. Тіпті ақын, жазушы Р.Ғамзатовтың өзі – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген. Қандай керемет айтылған дана сөз.
Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына және мемлекеттік тілдің болашағы зор екеніне кәміл сенеміз.
Қорытындылай келе, алдағы уақытта тілге қатысты кемшіліктерге жол берілмей, мемлекеттік тіл қолданысын дамытуға, мәртебесін арттыруға тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар атсалысулары қажет.
«Әулиекөл ауданының мәжбүрлеп орындату ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы - аға сот орындаушысы А.М. Каримжанов