Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – ел тарихының жарқын беті – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Отыз жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалып келеді. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
«Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз». Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие деді Ел басы Н.Ә. Назарбаев.
Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Отыз жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталады. Ел басының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру, халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз. Қазақ – ежелден бейбітшілік пен берекені, татулық пен бірлікті көксеген халық. Сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздік таңы атып, ел экономикасы дұрысталып, әлеуметтік жағдайы жақсарып болашаққа деген сенім артты. Санаулы жыл ішінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ендігі мақсат 30 елдің қатарына қосылу. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іргесі берік мемлекет құрды. Ел басына халқымыз әркез мақтан тұтады.
«Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Ұлтымыздың ұлы ұстанымы – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті»
Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерей тойымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Қарағанды облысының
әділет Департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары
бөлімінін жетекші маманы Абикеев А.Е.