Меню

Страницы

Статья

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету - Қазақстанның әл-ауқатының кепілі.

 

Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

      Сондай-ақ, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

 

                              Қазақстан Республикасының Конституциясы. 13-бап

 

Қазақстанның құқықтық негізі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заңгерлік көмек алу үшін әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығына кепілдік береді, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін әлемдік аренада ұсыну және қорғауға мүмкіндік береді.

Азаматтарымызға білікті заң көмегін көрсетуде адвокаттық бағытталған нотариаттық, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары, заң кеңесшілері институты өте маңызды.

        Конституциясымызда көрсетілгендей әрбір азаматтың құқығының қорғалуына кепілдік берілген. Өкінішке орай, әр түрлі жағдайларға байланысты барлық азаматтар ақылы заңгерлік кеңес немесе адвокаттық қызмет ала алмайды, сондықтан әлемдік тәжірибеде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың әр түрлі нысандары бар. Мұндай жағдайларда азаматтарға мемлекет кепілдендірілген заң көмегін тегін, яғни мемлекет есебінен береді.

         Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер барысында ұсынылады. Ол оны алуға құқығы бар жеке тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы аумақтық әділет органдары уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

          Сондай-ақ, аталған заң көмегі құқықтық ақпараттандыру және құқықтық консультация беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру, жеке сот орындаушыларының алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауы бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдау түрінде көрсетіледі.

           "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар мыналар:

  • Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
  • Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
  • алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсететіледі. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
  • Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан алуға құқылы.
  • Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары көрсетеді.

         Егер өтініш беруші оны алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаған және өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатта болмаған жағдайларда, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.

          2020 жылдан бастап елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясатына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі енгізілді.

Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халыққа білікті заң көмегін, сондай-ақ халыққа заң көмегін қамтамасыз ету бойынша адвокаттық қызмет пен заң кеңесшілер қызметін автоматтандыруды жеңілдету болып табылады және осы мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу санатына жататын азаматтар адвокатты немесе заң кеңесшісін «Е-Заң көмегі» АЖ бойынша біліктілігі мен тәжірбиесіне сәйкес таңдау мүмкіндігіне ие.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың  тағы бәр нысаны - кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсеті.

Азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруда білікті заң көмегін алуға сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға тегін негізде заң көмегін алуға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген .

Заңда азаматтардың адвокаттардан да, заң кеңесшілерінен де «Pro bono» тәжірибесі бойынша тегін және толық сүйемелдеумен білікті заң көмегін алу көзделген.

«Pro bono» латынша «pro bono publico» сөзінен шыққан, ол «қоғамдық игілік үшін» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді әр түрлі контексте қолдануға болатынына қарамастан, заңға қатысты ақысыз негізде құқықтық қызмет көрсетуді білдіреді.

«Pro bono» заңгерлік қызметтерін мемлекет төлемейді, бірақ оны заңды қауымдастық ерікті негізде көрсетеді және заң кәсібінің әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады. Сондай-ақ, pro bono қызметтерін мәжбүрлеп көрсету мүмкін емес, өйткені бұл міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн.

«Pro bono» заңгерлік көмегі тек телефон арқылы көрсетілетін қарапайым заңгерлік кеңес емес екенін түсіну керек. Бұл істі немесе заңгерлік көмекті басынан аяғына дейін жүргізуден тұратын барлық қызметтер жиынтығы. Осылайша, pro bono жағдайында, кешенді әлеуметтік заң көмегі туралы айтылатын болады.

        Кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілуі мүмкін:

        - «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;

- атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;

        - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға;

- бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

- жасына байланысты зейнеткерлерге;

- қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге.

Қазіргі уақытта мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету керек.

Бұл ретте, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету құралдарының бірі өтеусіз негізде көрсетілетін кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.

         Кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу – pro bono, сөзсіз, еліміздің азаматтарын әлеуметтік қолдаудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Құқықты түсіндіру және

халыққа заң көмегін көрсету

бөлімі басшысының бас маманы

Т.Берлібекова

 

 

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип

Сейчас читают

21 мая 2026
«Правовая защита товарного знака»
18 мая 2026
Новая Конституция Республики Казахстан — правовая основа Справедливого Казахстана
28 апреля 2026
Вниманию председателей КСК и ПКСК

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК