2025 жылғы 26 қазанда Абай облысында 5 сайлау округтарыңда, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 15 кандидат ұсынылды. Оның 3 - і саяси партиялар, -12 - і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 9 – ер адам және 6 – әйел адам.
4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 11 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 39 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.
10 кандидаттың жоғары білімі, 4 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 10 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 - уақытша жұмыс істемейтіндер.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 25 қыркүйекке жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 3 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер