
Семей қаласы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады.
Бағдарламаға 18–35 жас аралығындағы Семей қаласының жастары қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан басталады.