

«Семей қаласында сәулет және қала құрылысын дамыту туралы» ақпарат
Есепті жылы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қала аумағының орнықты дамуын қамтамасыз етуге, жайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, жыл бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 825 қаулысымен бекітілген Семей қаласының жаңа Бас жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бекітілген 22 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (бұдан әрі – ЕЖЖ) өзектендіру жүзеге асырылды.
Құрылысы бар және жаңа аумақтарды кешенді дамытуға, жер ресурстарын ұтымды пайдалануға, сондай-ақ объектілерді жобалау және салу кезінде қала құрылысы регламенттерін сақтауға ерекше назар аударылды. Қала маңындағы аймақтардағы 22 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары ішінен 4 574,2 га аумақта 10 тұрғын алабы анықталды, бұл жеке тұрғын үй құрылысына арналған 17 543 жер учаскесін құрайды. Іске асыру мерзімі 2025 - 2030 жылдар.
Есепті кезеңде бөлім заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы объектілердің эскиздік жобаларын келісу бойынша жұмыстар жүргізді. Жобаларды қарау барысында олардың қолданыстағы құрылыс нормаларына, қауіпсіздік талаптарына, инженерлік қамтамасыз етуге және құрылыс нысандарының сәулеттік келбетіне сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінді.
Қоршау (сыртқы) конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды беру - 2581;
Эскизді (эскиздік жобаны) келісу - 2353;
Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру / мекенжайды жою - 4706;
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге (құрылыстарды бұзу) шешім беру – 855;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру - 164;
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды сатып алу - 1201;
Объектіні пайдалануға қабылдау актісі - 4588.
«Қарағайлы» тұрғын ауданының ЕЖЖ белсенді жүзеге асырылуда, «Pana Complex Semey» қонақ үй кешенінің құрылысы аяқталды, «Semey Mall» кешенінің құрылысы жалғасуда, Семей - Павлодар тас жолы бойындағы көру алаңының эскиздік жобасы әзірленді, сонымен қатар, Волгоградский көшесі бойындағы Юность ауданын абаттандыру жобасы жасалды.
Бөлім жұмысының басым бағыттарының бірі Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту болды. Аталған жұмыс аясында ғимараттардың қасбеттері мен шағын сәулеттік нысандардың сыртқы келбеті бақылауға алынды. «Бейбітшілік» аралында «Рәміздер алаңы» стеласын орнату жобасы келісілді.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңістіктерді, аулалық аумақтарды, саябақтар мен скверлерді абаттандыру жобалары келісілді. Іске асырылған іс шаралар жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға және қалалық құрылыстың эстетикалық тартымдылығын арттыруға ықпал етті.
2026 жылы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметі қаланың Бас жоспарының ережелерін одан әрі іске асыруға бағытталатын болады. Аумақты дамытудың өзектендірілген әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен перспективаларын ескере отырып, қаланың Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі-АЭА) құру болмақ. АЭА құрамына аумағы 1,2 мың гектарды құрайтын жаңа әкімшілік-іскерлік орталықты, заманауи тұрғын кешендерін, сондай-ақ 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандарды енгізу жоспарланып отыр. Аталған іс шараларды іске асыру қалалық құрылысты кешенді дамытуға, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және орнықты әлеуметтік-экономикалық даму үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Заманауи қала құрылысы шешімдерін енгізуді, цифрлық және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, жайлы тұрғын ортаны қалыптастыруды, қоғамдық, іскерлік және рекреациялық кеңістіктерді құруды көздейтін «Smart City Semey» жаңа ауданының ЕЖЖ әзірлеу жоспарлануда.
Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында қала үшін әлеуметтік маңызы бар түрлі жобаларды іске асыру және нысандар салу жоспарлануда. Аталған іс шаралар аумақтың функционалдық аймақталуын және қалалық инфрақұрылымның перспективалық дамуын ескере отырып, еліміздің өңірлерінің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.