Жаңа жылдың жарқын мерекесі қарсаңында Шүлбі кентін ерекше шаттық пен көтеріңкі көңіл күй баурады. Осы айтулы сәтте Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары Омарғазин Самат Құдайбергенұлы арнайы келіп, Шүлбі кентінің тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтады. Ол барша қауымға амандық, зор денсаулық, отбасылық бақыт, молшылық пен жаңа жылда жарқын жетістіктер тіледі.
Мерекелік кеш барысында Жаңасемей ауданының Мәдениет үйі мен Шүлбі кенті клубының өнерпаздары дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Шанамен сән-салтанатпен келген Аяз ата мен Ақшақар мерекенің ажарын ашып, жиналған жұртқа жылы лебіздерін арнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сыйлықтар мен жүлделер таратылып, ән мен күйге, шат күлкіге толы бұл кеш Шүлбі кенті тұрғындарына ұмытылмас әсер қалдырып, баршаға жаңа жылға деген зор үміт пен қуаныш сыйлады. 🎄✨
В преддверии наступления Нового года посёлок Шульбинск наполнился особой праздничной атмосферой. С тёплыми поздравлениями к жителям прибыл заместитель акима района Жаңасемей Омаргазин Самат Кудайбергенович, который поздравил Шульбинцев и гостей посёлка с наступающим Новым годом, пожелав мира, крепкого здоровья, благополучия и исполнения самых заветных желаний.
Для жителей и гостей посёлка была подготовлена яркая и насыщенная концертная программа с участием артистов Дома культуры района Жаңасемей и клуба посёлка Шульбинск. Настоящим украшением праздничного вечера стали Дед Мороз и Снегурочка, эффектно прибывшие на санях и подарившие всем присутствующим искренние поздравления, радостные эмоции, праздничное настроение, а также призы и подарки. Праздник объединил жителей посёлка, подарив тепло, радость и веру в добрые перемены в новом году. 🎄✨