
✨ Шүлбі кентінде Республика күніне орай ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті
✨ Шүлбі кентінде 25 қазан Республика күні мерекесіне арналған дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Іс- шараға жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды.
✨ Жәрмеңкеде ет, сүт, бал, көкөніс, қымыз, құрт, сары май, қаймақ, балық сияқты табиғи өнімдер қолжетімді бағамен сатылды. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылып, өнерпаздар ән мен би тарту етті. Шараның мақсаты - отандық өнімді қолдау, жергілікті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту, сондай- ақ Республика күні мерекесін кеңінен атап өту болды.
✨ Кент тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеден көтеріңкі көңіл-күй мен қайтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді