Меню
Страницы

Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті.

Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті.

Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік шара кент орталығындағы алаңда ұйымдастырылып, тұрғындардың көңілді әрі рухани серпіліс алуына жағдай жасалды.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Алмас Тәнібекұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды айтулы мейраммен құттықтады. Өз сөзінде әкім бірлік пен ынтымақ – еліміздің басты құндылығы екенін атап өтіп, көпұлтты қоғамымыздағы достық пен түсіністіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мереке аясында әр ұлт өкілдері өз мәдениетін, салт-дәстүрін паш етіп, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Қонақтар мен тұрғындар әзірленген тағам көрмелерінен ерекше әсер алды.

Шара барысында көркемөнерпаздардың концерті, ұлттық билер мен әндер  ұйымдастырылды. Кенттің тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрген мекеме ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік күн Шүлбі кентінің тұрғындары үшін жарқын көңіл-күй мен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК