
15 қараша күні Ивановка ауылдық кітапханасында Ұлттық валюта күніне орай "Ұлттық валюта – Теңге" атты танымдық ойын өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қаржылық сауаттылық негіздерін үйрету болды.
Балалар теңгенің шығу тарихы, оның ел экономикасындағы рөлі туралы мағлұмат алып, ойын арқылы өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Ұлттық валютаға қатысты қызықты сұрақтар мен тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырып, олардың зейінін шоғырландыруға септігін тигізді.
#15қарашаұлттықвалютакүні #валюта