"Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ 2025 жылғы 24-30 маусым аралығындағы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау келесі сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agz/documents/details/861580?lang=ru өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ Басқарма қызметін регламенттейтін құқықтық, нормативтік құқықтық актілер, талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, m.tolegen@akimatabai.gov.kz. ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұрайды. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.