Тегі ауысудың ең көп таралған себебі – неке қию немесе ажырасу. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) қажетті құжаттар тізімімен жүгінуге немесе электрондық қызмет арқылы өтінім беруге болады
{"id":18654,"source_id":3155,"title":"Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру","service_code":"P2.07","service_link":"https://egov.kz/wps/myportal/P2.18"}
ХҚКО-на жүгінген кезде қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш (ХҚКО-да алынады және толтырылады);
- Жеке куәлігі;
- Туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- Егер кәмелетке толмаған балалар бар болса, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері;
- Неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
- 3х4 екі фотосуреті. Фотосуретті ХҚКО-ның штаттағы фотографында жасай аласыз;
- 2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төленгені туралы түбіртек. Кассаға кезекте тұрмау үшін мемлекеттік бажды онлайн төлеуге болады.
{"id":4732,"source_id":3821,"title":"Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу","service_link":"https://egov.kz/.PaymentProcessingPortlet/commitPayment?serviceNameParam=P20.37"}
ХҚКО кезекті брондау
{"id":4772,"source_id":3134,"title":"Кезекті брондау","service_code":"SR.06","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/"}
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, яғни ТАӘ өзгерту туралы куәлік алу – 7 жұмыс күнін құрайды.
Егер сіз шетелде болсаңыз, онда мына онлайн-қызметті пайдаланыңыз
{"id":17737,"source_id":3972,"title":"Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу","service_link":"http://egov.kz/services/P8.09/"}