"Zhas Project" әлеуметтік жобасына грантты қалай алуға болады?

Введение

"Zhas Project" - бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба.  Жоба жастарды өз қоғамының әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға  көмектеседі.

"Zhas Project "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылып жатыр.

2023 жылы Жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде пилоттық режимде іске асырылып жатыр.

Бұл материалда әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін грантты қалай алуға болатындығы туралы ақпарат берілген.

"Zhas Project" қалай қатысуға болады?

2022 жылы "Zhas Project" - ке қатысуға 10 тамызға дейін өтінімдер  қабылданды.

Келесі Шағын гранттар конкурсы 2023 жылы жарияланады ("Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚ сайтында жаңалықтарды қадағалаңыз).

2022 жылы өтінімдерді қабылдау веб-ресурстарда жүзеге асырылды:

Шағын гранттар конкурсына қатысушыларға арналған критерийлер:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • жасы - өтінім беру сәтінде 18 жастан 28 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • өтінім берген сәтте облыс аумағында кемінде үш ай тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс.

Шағын гранттар байқауында осал топтардың жастарына ерекше басымдық берілді:

  • жұмыссыз деп тіркелген мәртебесі бар жастар;
  • аз қамтылған отбасыларда тұратын 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, жетімдер мен мүгедектер;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған жас ата-аналар;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған жас көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар.

2022 жылы гранттың әрбір екінші иегері осы санаттағылар (65%) болды. 

Шағын гранттар конкурсына өтінім беру үшін веб-ресурста жеке тіркеуден өту, сауалнаманы толтыру қажет және қажетті құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • облыс аумағында электрондық үкімет порталында жеке кабинеттен тіркелгенін растау;
  • қатысушының осал топтар санатына жататанын растайтын құжаттар.

Жеке тіркеуден өткеннен кейін қатысушы белгіленген нысан бойынша веб-ресурста жобалық өтінім (ұсынылған Жобаның сипаттамасы) беру қажет.

Жобалардың ықтимал бағыттары:

1)      білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2)      азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3)      қоршаған ортаны қорғау;

4)      жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5)      отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6)      халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;

7)      жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек;

8)      халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

9)      азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10)    мәдениет пен өнерді дамыту;

11)    тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12)    Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

13)    есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14)    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15)    азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

16)    өмірлік қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) көмек көрсету.

Жобаларды іріктеу 2 кезеңнен тұрады:

  1. Критерийлерге сәйкестігін техникалық тұрғыдан іріктеу және құжаттарды тексеру;
  2. Конкурстық комиссияның іріктеуі. Комиссиялар әр өңірде қоғамдық ұйымдардың, әкімдіктердің, мәслихаттардың, оқу орындарының, журналистер мен блогерлерден құралған 21 өкілден құрылды. Жобаларды қарау қатысушылар мен комиссия мүшелерінің құпиялылығы сақталған веб-ресурста қашықтан жүргізілді, бұл іріктеу рәсімін әділ және ашық етті.

"Zhas Project" негізгі мақсаттары

"Zhas Project" негізгі мақсаттары:

  • жастардың, әсіресе осал топтардың дамуына жағдай жасау;
  • жастардың қызығушылығы мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық маңызды идеялары мен жобаларын қолдау
  • қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім мен дағдыларға үйрету.

Іске асыру кезеңдері

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі – жоба іске асырылатын өңірлеріндегі "Zhas Project" шағын гранттар конкурсы.  2022 жылы 2673 жоба келіп түсті, оның ішінде 252 жоба іріктелді.

Екінші кезеңде грант алушылар өмірлік маңызды дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытылады, жобаларды табысты іске асыру үшін тәлімгерлік және консультациялық қолдау алады. Бұл кезеңде қатысушылар жиһаз цехтарын, шаштараздарды, наубайханаларды, тілдік курстарды және т.б. ашып, өз жобаларын іске асырумен белсенді айналысады, осылайша өз ісін ашу бойынша алғашқы тәжірибелерді иеленді.

Үшінші кезең жобаға қатысу кезінде алған білімі мен тәжірибесін бекітуге бағытталған. Жоба іске асырылатын өңірлерінде үздік тәжірибелер форумдары өтеді, онда қатысушылар өздерінің табысқа жету тарихымен бөліседі, идеялармен алмасады және болашаққа жоспар құрады. Іс-шараға қазіргі уақыттағы бизнесмендер, бизнес-жаттықтырушылар, әлеуетті инвесторлар мен донорлар шақырылады. 

"Zhas Project" іске асыруда нені білуіңіз керек?

2022 жылы жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Әрбір шағын гранттың сомасы 1 миллион теңгеге дейінгі соманы құрады.

Іске асырылатын өңірлерде үкіметтік емес ұйымдардың базасында жұмыс істейтін, конкурстық негізде іріктелген жобалау кеңселері құрылды:

  • Алматы және Жетісу облыстарындағы "Тамшыбұлақ" ҚБ
  • Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы "Жас ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы" РҚБ
  • Маңғыстау облысындағы "Түпқараған жастары" ЖҚБ
  • Түркістан облысындағы "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ

Жастар гранттарын қаржыландыруға жабдықтарды, шығын материалдарды сатып алу, мамандардың қызметтеріне ақы төлеу, орынжайларды жалға алу және т.б. шығындар жатады. 

Грант қаражаты грант алушылардың шоттарына түспейтінін ескертеміз Жобалық кеңселер қатысушылармен келісімі бойынша, гранттық өтінімнің сметасында көрсетілген тауарлар мен қызметтердің ақысын өздері төлейді. Бұл қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыруға көбірек қатысуы және қаржылық құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болмауы үшін жасалады. Жобаға қатысқаннан кейін барлық сатып алынған жабдық пен тауарлар қатысушыларда қалады.

Бұдан басқа, ыңғайлы болу үшін электрондық шарттарға ЭЦҚ арқылы  қол қою қарастырылған. Қатысушылар сұрақтар туындаған кезде жобаны басқарумен байланысты білікті көмек алу үшін Call-center-ге жүгіне алады.

Бұдан басқа, жоба іске асырылатын әрбір өңірінде консультативтік және тәлімгерлік қолдау көрсету үшін әлеуметтік кәсіпкерлік, жобаларды басқару, кәсіби өсу бойынша 20-ға жуық кәсіпқой тартылды.