Егер меншік иесі пәтерді сатса, онда ол мүлік салығын жыл басынан бастап жылжымайтын мүлікті сатқан айдың басына дейінгі мерзімге төлейді. Өз кезегінде жаңа меншік иесі тұрғын үй, гараж немесе коттедж сатып алған айдан бастап төлейді.
Мысалы: меншік иесі пәтерді 10 маусымда сатты делік, ол салықты ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан мамырға дейін (қоса алғанда) салық төлейді, ал жаңа иесі - маусым айынан жылдың соңына дейін мерзімге төлейді.