Инструкция
ЖСН қолданылады:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу)
- жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу),
- төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде КҚК және әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу ;
- жылжымайтын, жылжымалы мүлікті, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген өзге де объектілерді мемлекеттік тіркеу;
- рұқсаттар беру құжаттарын беру,
- тіркеу құжаттарын беру,
- азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде
- жеке басын куәландыратын құжаттарды беру,
- әскери билетті, офицердің жеке куәлігін беру,
- статистикалық есеп,
- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру,
- сайлаушыларды сайлауға және республикалық референдумға қатысуға тiркеу;
- орталық мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда.
Шетелдік азаматтар ЖСН-ді келесі жағдайларда алуға тиіс:
- қазақстандық банктерде ағымдағы шот ашу;
- егер шетелдік Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алса;
- Қазақстан Республикасында салық салуға жататын мүлікті сатып алу;
- шетелдіктерді Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары етіп тағайындау кезінде;
- резидент емес заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің басшылары болып шетелдіктерді тағайындау кезінде.
Дата обновления - 05.08.2024