Шетелдік азаматтың келуі туралы хабарлама.

Инструкция

Шетелдік азаматтың келуі туралы хабарлама ол Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде  үш жолмен жүзеге асырылады:

  1. Жеке және заңды тұлғалар (шетелдік азамат уақытша тұратын қонақ үй өкілдері немесе тұрғын үй иесі) көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе gov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті.
  2. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады.
  3. Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады.

Хабарлама беру үшін қажетті ақпарат/құжаттар:

  1. Паспорттың анық көшірмесі (Жарамды шетел паспорты. Паспорттың жарамдылық мерзімі тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс);
  2. Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерінің жоспарлы мекенжайы;
  3. Тұру туралы деректер (келу мақсаты).

Маңызды! Көші-қон қызметіне 3 жұмыс күні ішінде хабарлау қажет:

  • шетел азаматының әрбір кіруі/шығуы туралы;
  • шетел азаматының Қазақстан Республикасындағы уақытша тұратын мекенжайы өзгерген жағдайда.
Дата обновления - 04.08.2023
Справочная информация
Визалық көші-қон порталыШекара өткізу пункттері
88912