Коронавирусқа қарсы кім вакцинацияланбайды

Инструкция

"Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды.

Иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкін. Сондықтан иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакцинациядан кем дегенде 1 ай бұрын және одан кейін қарсы болады.

КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. 

КВИ қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. 

Вакцинациялау алдында КВИ-ға қарсы антиденелердің (ИФТ және ПТР-зерттеу) болуына скрининг жүргізілмейді. 

 

Дата обновления - 18.08.2022
Справочная информация
103