Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге арналған бөлшек салық

Введение

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Пандемияға көп ұшыраған экономика секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін көзделген бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді және уақытша норма болып табылады (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады).

Бұл мақалада біз бөлшек салық режимін кім қолдануға құқылы екенін және салық есептілігінің қандай нысанын ұсыну керектігін айтамыз.

Бөлшек салық бойынша арнаулы салық режимін қолдану тәртібі қандай

Салық төлеушілер бөлшек АСР қолдануға құқылы, егер олар:

  1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері болса;
  2. осы режимді қолдану мақсатында ҚР Үкіметі айқындайтын қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырса.

Бөлшек салықтың арнаулыы режимі төлем көзінен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Төлем көзінен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, бөлшек салықтың  арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі ​​үшін салық салу объектісіне  3 пайыздық ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші ​​үшін салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен анықталған кіріс салық салу объектісі болып табылады:

  • заңды тұлға үшін - Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес;  
  • жеке кәсіпкер үшін - Салық кодексінің 8-бөліміне сәйкес.  

Осы режимді қолданатын субъектілер әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылмайды және айналым мөлшеріне қарамастан ҚҚС төлеуші болмауға құқылы.

Есептілік тапсыру мерзімдері

Күнтізбелік тоқсан бөлшек арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі  болып табылады. 

Бөлшек салықтың АСР-ын қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері ФНО 913.00 тапсырады

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады. 

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтар есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленеді

Бөлшек салық режимі қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі

Жоғарыда көрсетілген режим ШОБ субъектілеріне салық жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету және салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу тәртібін оңтайландыру үшін дағдарысқа қарсы шара ретінде 2 жылға есептелген.

Қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген. 

Тізімде пандемия кезінде шектеулі карантиндік шаралар қолданылған қызмет түрлері көзделген.

Барлығы 114 қызмет түрі белгіленді.

Атап айтқанда, тізімге енген қызмет түрлері:

  • автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жиһаздың бөлшек саудасы;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кітаптардың бөлшек саудасы;
  • мамандандырылған дүкендерде аудио және бейне жазбалардың бөлшек саудасы;
  • мамандандырылған дүкендерде спорт жабдығының бөлшек саудасы;
  • киім мен аяқ киімнің бөлшек саудасы;
  • косметика мен дәретхана керек-жарақтарының бөлшек саудасы;
  • мамандандырылған дүкендерде гүлдердің бөлшек саудасы;
  • дүкендерде пайдаланымда болған тауарлардың бөлшек саудасы;
  • автобустармен, трамвайлармен, троллейбустармен тасымалдау;
  • автомобиль тұрақтары қызметі;
  • мейрамханасы бар қонақ үй қызметін ұсыну;
  • туристік операторлар мен агенттіктердің қызметі;
  • мектепке дейінгі білім беру;
  • театрлық және концерттік қызмет, цирк, музей қызметі;
  • жиһаз және интерьер заттарын, аяқ киім жөндеу;
  • шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерін ұсыну.

Толық тізім осында көрсетілген