Салық кодексінің 678-бабына сәйкес ШФҚ Салық кодексінің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Егер ШФҚ өз қызметінің әртүрлі бағыттары үшін бір мезгілде екі салық режимін қолдануды шешсе, онда:
Мысалы, егер ШФҚ қызметтің өзге түрлері үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануды шешсе, онда Салық кодексінде белгіленген әртүрлі мерзімдерде 910.00 және 920.00 салық есептілігі нысандарын тапсыру қажет болады.
Бұл ретте, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияда (салық есептілігі нысаны 910.00) оңайлатылған декларация негізінде АСР – ға жататын кірістер мен салықтарды, ал бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларацияда (салық есептілігі нысаны 920.00) - ШФҚ үшін АСР-ға жататын кірістер мен салықтарды көрсету қажет.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген мысалды негізге ала отырып, шаруашылық басшысы мен оның мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер де 920.00 салық есептілігі нысанында көрсетіледі, қызметтің басқа түрлері бойынша жалдамалы жұмыскерлерді тарту жағдайда, жұмыскерлер үшін әлеуметтік төлемдер 910.00-нысанының оңайлатылған декларациясында көрсетіледі.