POS терминалының болмауы үшін жауапкершілік

Инструкция

Төлем карталарын пайдалана отырып төлем жасауға арналған жабдықтың (құрылғылардың) болуы туралы тексерістерді мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде оларды қабылдауға міндетті жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдаудан бас тартқаны үшін ескерту көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта тарту

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК мөлшерінде
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 60 АЕК мөлшерінде
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасауға арналған жабдықтары (құрылғысы) болмаса, ескерту беріледі.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта тарту

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 60 АЕК
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 80 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Дата обновления - 23.08.2023
Справочная информация
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 194, 195-баптары.
357