Салық кодекcіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің белгілі бір санатты мәжбүрлеп тарату туралы талаптармен сотқа жүгінуге құқылы.
Осылайша, резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ Салық кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:
салықтық есептілікті ұсынбаған;
экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;
егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;
әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ.
Салық кодексінің 93-бабымен талап қоюдың ескіру мерзімінен бір мезгілде қалыптастырылған шарттарға сәйкес салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері белгіленгенін атап өтсек, жоғарыда көрсетілген әрекетті және қызметтері тоқтатылған салық төлеушілер санаттары бойынша мәжбүрлі тәртіппен таратылуы мүмкін емес.
Сонымен қатар, таратылған және қызметтерін тоқтатқан салық төлеушілер және әрекетсіз болып танылған салық төлеушілер бойынша ақпарат Мемлекеттік кірістер органдарының www.kgd.gov.kz ресми интернет сайтында толықтай орналастырылғаның, және кез-келген уақытта қарау үшін қолжетімді екенін атап өтеміз.