Салық – мемлекет жеке және заңды тұлғалардан салатын және мемлекттік бюджетке аударылатын міндетті ақшалай салым.
Салықтар өміріміздің барлық саласында - шаруашылықта, ел аумағын қорғау, азаматтарды әлеуметтік қамсызданыру мен қорғау, сондай-ақ білім беруді, медицинаны, мәдениет пен басқа да салаларда мемлекет алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін пайдаланылады.
Осы материалда біз жеке тұлғалар үшін қандай негізгі салықтар бар екендігі және оларды қалай төлеу туралы айтып береміз.
Егер Қазақстан Республикасының аумағында меншігіңізде жер учаскесі болса, Сіз ол үшін салық төлеуге міндеттісіз.
Салықты жер учаскесі орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 қазанына дейін төлеу қажет.
Жеке тұлғалардың салық салынатын объектілері бойынша салығын есептеуді салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына салықтың тиісті ставкасын қолдану арқылы жүргізеді.
Есептелген салық сомасы туралы хабарлама есептелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге жіберіледі, онда салық сомасы, БЖК және басқа да деректемелер көрсетіледі.
Салық басқармасы Бірыңғай есептеу орталығының (БЕО) шоттары, SMS таратылымы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ арқылы жер салығының есептелген сомалары туралы берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Күнделікті жұмыс көрсеткендей, жер учаскесінің орналасу мекенжайына жіберілгендіктен, ал салық төлеушінің басқа қалада немесе ауданда болуы не тұруына байланысты, хабарламаны салық төлеуші кейде алмайды. Сондықтан, егер, Сіз хабарламаны алмасаңыз, жер учаскесінің орналасу жері бойынша салық органына өзіңізге жүгіну қажет.
Салықты төлеу үшін тұрғылықты жер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің бөліміне (салық органы) жүгінуге не онлайн-сервиспен пайдалануға болады
Жер салығының бюджеттік жіктемесінің коды – 104302.
Жер салығын төлеуден босатылған тұлғалар
Егер Қазақстан Республикасының аумағында Сізде тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары, құрылысжайлар, үй-жайлар және өзге де құрылыстар тиесілі болса, онда Сіз ол үшін салық төлеуге міндетті боласыз.
Мүлік салығын мүліктің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет. Яғни, мысалы, 2024 жылға салынатын салықты 2025 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
Салық органы салық органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаны салық төлеушіге – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі, онда салық сомасы, БСК және басқа да деректемелер көрсетіледі.
Сонымен қатар, төлеуге жататын салық сомасын:
Сонымен қатар, есептелген салық органдары салықтардың сомасы туралы хабарламаларды электрондық тәсілмен – салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз жеткізгіште – пошта арқылы тапсырыс хатпен, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің БЕО түбіртектермен-хабарламаларымен жібереді, АЛСЕКО және басқа да. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары берешекті өтеу қажеттілігі туралы бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) шоттары арқылы, SMS-тарату арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы есептелген мүлік салығы сомалары туралы хабардар етеді.
Бұдан басқа, "Каспий банкі "АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жолданды.
Екінші деңгейдегі банктерден мүлік салығының алдағы сомалары туралы push-хабарламалар алған жағдайда, МКК "электрондық сервистер" → "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" сервисінде "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшаларында есептелген салық сомаларының дұрыстығын тексеруді ұсынады, "Kaspi.kz" төлемдер " → "айыппұлдар" қызметінде және салықтар" → "салықтар" → "мүлік және көлік салығы".
Мүлік салығының бюджеттік сыныптамасының коды-104102.
Егер сіздің атыңызда Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралы тіркелген болса, сіз оның салығын бюджетке тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге міндеттісіз.
Төлеуге жататын салық сомасын:
Көлік салығының бюджеттік жіктемесінің коды (БЖК) – 104402.
Көлік салығын төлеуден босатылған тұлғалар