Жер салығы

Инструкция

Егер Қазақстан Республикасының аумағында меншігіңізде жер учаскесі болса, Сіз ол үшін салық төлеуге міндеттісіз.

Салықты жер учаскесі орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 қазанына дейін төлеу қажет.

Жеке тұлғалардың салық салынатын объектілері бойынша салығын есептеуді салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына салықтың тиісті ставкасын қолдану арқылы жүргізеді. 

Есептелген салық сомасы туралы хабарлама есептелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге жіберіледі, онда салық сомасы, БЖК және басқа да деректемелер көрсетіледі.

Салық басқармасы Бірыңғай есептеу орталығының (БЕО) шоттары, SMS таратылымы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ арқылы жер салығының есептелген сомалары туралы берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.

Күнделікті жұмыс көрсеткендей, жер учаскесінің орналасу мекенжайына жіберілгендіктен, ал салық төлеушінің басқа қалада немесе ауданда болуы не тұруына байланысты, хабарламаны салық төлеуші кейде алмайды. Сондықтан, егер, Сіз хабарламаны алмасаңыз, жер учаскесінің орналасу жері бойынша салық органына өзіңізге жүгіну қажет.

Салықты төлеу үшін тұрғылықты жер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің бөліміне (салық органы) жүгінуге не онлайн-сервиспен пайдалануға болады

{"id":4341,"source_id":3230,"title":"Салық берешегін іздестіру мен төлеу ","service_code":"P1.27","service_link":"http://egov.kz/services/P1.27/"}

Жер салығының бюджеттік жіктемесінің коды – 104302.

Жер салығын төлеуден босатылған тұлғалар

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, жетім балалар және ата-анасының қамқоршылығысыз қалған балалар – тұрғын үй қорындағы жер учаскелері, соның ішінде жанындағы құрылыстар мен құрылғылар; үй маңындағы жер учаскелері; құрылыс алып отырған жерлерді қоса алумен жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бау-бақша мен саяжай құрылысын жүргізуге берілген, гараждар орналасқан жер учаскелері бойынша кәмелет жасына толғанға дейін;
  • «Батыр Ана» атағына ие, "Алтын алқамен" марапатталған көп балалы аналар - тұрғын үй қорындағы жер учаскелері, соның ішінде жанындағы құрылыстар мен құрылғылар; үй маңындағы жер учаскелері бойынша;
  • бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер – тұрғын үй қорындағы жер учаскелері, соның ішінде жанындағы құрылыстар мен құрылғылар; үй маңындағы жер учаскелері бойынша. 
Дата обновления - 09.08.2023
Справочная информация
2104