Мүлік салығы

Инструкция

Егер Қазақстан Республикасының аумағында Сізде тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары, құрылысжайлар, үй-жайлар және өзге де құрылыстар тиесілі болса, онда Сіз ол үшін салық төлеуге міндетті боласыз.

Мүлік салығын мүліктің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет. Яғни, мысалы, 2023 жылға салынатын салықты 2024 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.

Салық органы салық органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаны салық төлеушіге – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі, онда салық сомасы, БСК және басқа да деректемелер көрсетіледі.

Сонымен қатар, төлеуге жататын салық сомасын:

  • "Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" сервисі арқылы, мемлекеттік кірістер комитетінің порталында;
  • "E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасында;
  • салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы білуге болады;
  • электрондық үкімет порталы;
  • "Қазпошта" АҚ кассалары;
  • төлем терминалдары арқылы да жүргізуге болады.

Сонымен қатар, есептелген салық органдары салықтардың сомасы туралы хабарламаларды электрондық тәсілмен – салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз жеткізгіште – пошта арқылы тапсырыс хатпен, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің БЕО түбіртектермен-хабарламаларымен жібереді, АЛСЕКО және басқа да. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары берешекті өтеу қажеттілігі туралы бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) шоттары арқылы, SMS-тарату арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы есептелген мүлік салығы сомалары туралы хабардар етеді.

Бұдан басқа, "Каспий банкі "АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жолданды.

Екінші деңгейдегі банктерден мүлік салығының алдағы сомалары туралы push-хабарламалар алған жағдайда, МКК "электрондық сервистер" → "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" сервисінде "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшаларында есептелген салық сомаларының дұрыстығын тексеруді ұсынады, "Kaspi.kz" төлемдер " → "айыппұлдар" қызметінде және салықтар" → "салықтар" → "мүлік және көлік салығы".

Мүлік салығының бюджеттік сыныптамасының коды-104102.

{"id":17391,"source_id":3982,"title":"Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу","service_code":"P1.28","service_link":"https://egov.kz/services/P1.28/"}

 

Дата обновления - 22.12.2023
Справочная информация
Салық кодексіБюджет түсімдерінің сыныптамасы
6621