Көлік салығы

Инструкция

Егер сіздің атыңызда Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралы тіркелген болса, сіз оның салығын бюджетке тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге міндеттісіз.

Төлеуге жататын салық сомасын:

{"id":17391,"source_id":3982,"title":"Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу","service_code":"P1.28","service_link":"https://egov.kz/services/P1.28/"}

Көлік салығының бюджеттік жіктемесінің коды (БЖК)  – 104402.

Көлік салығын төлеуден босатылған тұлғалар

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар;
  • «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар адамдар салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралынан (двигателінің көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген жеңіл автомобильден басқа).
Дата обновления - 09.08.2023
Справочная информация
Салық кодексіКөлік салығын есептеу
5063