Пара
Пара — бұл пара берушінің мүддесінде шенеуніктер қабылдайтын материалдық құндылықтардың барлық түрлері көрсетілетін (қызметтер, ақша, мүліктік пайда). Негізгі сыбайлас жемқорлық әрекет пара алу және беру болып табылады. Пара – бұл ақша ғана емес, сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес құндылықтар. Көрсетілетін қызметтер, жеңілдіктер, лауазымды адамның өз өкілеттіктерін жүзеге асырғаны немесе жүзеге асырмағаны үшін алынған әлеуметтік пайда да параның мәні болып табылады.
Пара алу
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не кінәлі адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның кінәлі адамының жеке өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе ол өкілдік берген тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқық немесе мүліктік сипаттағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) осы, не ол кінәлі жағдайға байланысты осындай іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол бергені үшін – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу есе сомасынан сексен есе мөлшеріне дейін айыппұл салуға не бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара беру
Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма есе сомасынан елу есе мөлшеріне дейін айыппұл салуға не үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
Парақорлықтағы делдалдық
Парақорлықтағы делдалдық, яғни пара алушы мен пара берушіге олардың арасында пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он есе сомасынан жиырма есеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өзінің қызметтік өкілеттіктерін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, екі мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұлмен, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жымқыру
Иемденіп алу немесе талан-таражға салу яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.