Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим «E-Salyq Вusiness» арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып табылады.
Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада:
- дара кәсіпкер ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ «E-Salyq Вusiness» арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жүргізіледі;
- мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;
- мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;
- мобильдік қосымша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықты (табыстың 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді.
- декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ.