БКМ пайдаланбағаны немесе болмағаны үшін жауапкершілік

Инструкция

БКМ пайдаланған орны бойынша әрбір нүктеде БКМ тіркелуі тиіс. Электр энергиясы, интернет болмаған кезде немесе БКМ жарамсыз болған кезде тауарлық чек толтырылады және беріледі.

Сауда операциялары, жұмыстар орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде БКМ пайдаланбау, сондай-ақ зақымданған немесе есепте тұрмаған БКМ пайдалану  бұзушылық болып есептеледі.

Бұл бұзушылықты анықталғанда алдымен ескерту жасалады, ал бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтан кейін төмендегі айыппұл тағайындалады:

  • жеке нотариустарға, сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-15 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК.
Дата обновления - 09.08.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі
133