Онлайн БКМ тіркеу

Инструкция

Онлайн-БКМ тіркеу фискалдық деректер операторының (ФДО) www.oofd.kz сайты арқылы жүзеге асырылады, салық органдарына барудың қажеті жоқ.

Осы сайт арқылы БКМ тіркеу/тіркеу деректерін өзгерту/есептен шығару туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органына (салық) жіберіледі.

БКМ тіркеу карточкасын, яғни мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі салықтық ФДО сайты арқылы да береді.

ФДО қызметтері ақылы – бір БКМ үшін айына 1500 теңге. Олар қабылдау, фискалдау, 5 жыл бойы сақтау және чектер мен Z-есептер бойынша ақпаратты салық есебіне жіберуді қамтиды.

Онлайн-БКМ тіркеу келесі ретпен жүргізіледі:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. Онлайн БКМ сатып алу (касса машинасын сатып алу немесе бағдарламалық қамтылымды жүктеу);
  3. ЭЦҚ бойынша www.oofd.kz сайтында салық төлеушінің жеке кабинетінде ЗТ, ЖК тіркеу;
  4. oofd.kz сайтында «БКМ картотекасы» бөлімінде сауда нүктесін құру;
  5. «+Кассаны» бөлімінде кассаны тіркеу. Сақталған касса «БКМ картотекасы» бөлімінде бейнеленеді, содан кейін тіркеуге арналған өтінім мәртебесінің өзгеруін қадағалау қажет.  Сұрау салуды өңдеу 15 минуттан 3 күнге дейін болуы мүмкін. Сұрау салу өңделгеннен кейін касса МКК тіркелетін болады;
  6. Төлем үшін аталған БКМ тарифін таңдау керек.
  7. БКМ-ге енгізу және чектерді беруді бастау үшін қажетті токенді генерациялау.

Бағдарламалықтан қарағанда Аппараттық онлайн-БКМ тіркеу үшін, алдымен ФДО сим-картаны сымсыз режимде жұмыс істеу үшін және осы сим-карта арқылы кассаны қосу үшін келу тәртібімен алуған жөн.

Пайдаланушының толық нұсқаулығымен ФДО порталында танысуға болады.

Дата обновления - 09.08.2023
Справочная информация
Фискалдық деректер операторының порталы
388