Онлайн БКМ дегеніміз не

Инструкция

Саудамен, тауар өндірумен және әртүрлі қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер өздерінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (онлайн-БКМ) алуға міндетті.

Кассалық аппараттардың болуы талап етілетін қызмет түрлерінің толық тізімімен ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы бұйрығында көрсетілген.

Онлайн-БКМ – деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машина, яғни мемлекеттік кіріс органдарына (салық) жасалған ақша операциялары туралы мәліметтерді интернет арқылы беруге қабілетті кассалық аппарат немесе бағдарламалық қамтылым. 

Онлайн-БКМ екі түрі бар:

  • аппараттық: құрылғылар-дербес аппараттар (кассалық машиналар, тіркеуіштер);
  • бағдарламалық: кассалық аппарат функцияларын орындайтын БКМ мемлекеттік тізілімінде тіркелген бағдарламалық қамтылым (мобильдік қосымшалар)

Бағдарламалық онлайн-БКМ, яғни кассалық аппарат функциясы бар мобильдік қосымшалар электронды чектерді қалыптастырады, олар өз кезегінде заң бойынша қағазға теңестіріледі. Электрондық чекті сатып алушыға онлайн режимінде, мессенджерлер немесе email арқылы жіберу жеткілікті. Қажет болса, Bluetooth арқылы смартфонға қосылуға болатын чектерге арналған арнайы принтерлерді сатып алуға болады.

Телекоммуникация болмаған жерлерде пайдаланылатын кассалық аппараттар онлайн-БКМ ауыстыруға жатпайды.

Аумағында ортық пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тізімі.

ФДО сымсыз желісімен қамтылған елді мекенді тексеруді (Алтел, Теле2, КСелл)  мұнда көруге болады.

Дата обновления - 09.08.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» № 206 бұйрығыҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» № 208 бұйрығы
352