gov.kz
Меню

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтерді сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу

Как получить услугу
Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз

4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз

6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.

Қызмет беруші
Заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Өтініш.

2. Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжат.

3. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтер сауда платформасының операторы үлгі жарғы бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы.

4. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтер сауда платформасы операторымен, банкпен және (немесе) ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат.

5. Өтініш берушінің басқару органы бекіткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтер сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары.

6. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді беруге адамның өкілеттігін растайтын құжат.

Результат оказания услуги

Цифрлық активтер сауда платформасының операторына белгіленген қызметтер көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.

Часто задаваемые вопросы
Сізге қызмет көрсетуден бас тартылса не істеу қажет?
1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің және (немесе) ақпараттың анық истігі және (немесе) толықностігі;
2) Құжаттар топтамасын толық ұсынбау немесе құжаттардың Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) цифрлық қаржы активтері платформасының құрылтайшысының, қатысушысының (акционерінің), цифрлық активтер сауда платформасы операторының Заңның 6-бабының 11 және 12-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерлердің Заңның 6-бабының 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) Заңның 6-бабының 14-тармағында белгіленген талаптарды сақтамау;
6) бенефициарлық меншік иесінде алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтер сауда платформасы операторының есептік тіркеуден бас тартуына әкеп соққан себептер жойылған кезде есептік тіркеуге өтінішті қайта ұсынады немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтер Сауда платформасы операторының есептік тіркеуден бас тартуына әкеп соққан себептерді жоймау қайта қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтерді сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу
Получатели услуги
Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

20 жұмыс күні ішінде

Услугу оказывает
ҚР Ұлттық банкі
Место предоставления услуги
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы