gov.kz
Меню

Цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке –қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбастау операцияларына лицензия

Как получить услугу
Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз

  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз

  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз

Қызмет беруші
Заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып)қамтитын өтініш

  2. Ең аз мөлшерін жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжаттар;

  3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы үлгілік жарғы бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы

  4. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының банкпен немесе Ұлттық пошта операторымен, цифрлық активтер биржасымен немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге қолжетімділікті ұсынатын өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;

  5. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басқару органы бекіткен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

  6. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді беруге адамның өкілеттігін растайтын құжат.

 

Результат оказания услуги

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
  1. қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің және (немесе) ақпараттың анық болмауы және (немесе) толық болмауы;

  2. құжаттардың толық жинақталымын ұсынбау немесе құжаттардың осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі;

  3. қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атқарушы органы басшысының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

  4. бенефициарлық меншік иесінде алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.

Лицензия беруден бас тартылған жағдайда заңды тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын алудан бас тартуға әкеп соққан себептер жойылған кезде лицензия алуға өтінішті қайта ұсынады немесе өз атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына лицензия беруден бас тартуға әкеп соққан себептерді жоймау қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке –қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбастау операцияларына лицензия беру
Получатели услуги
Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Лицензия бергені үшін лицензиялық алым 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, қолма-қол емес нысанда «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Срок оказания услуги

Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде.

Услугу оказывает
ҚР Ұлттық банкі
Место предоставления услуги
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі 

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы