gov.kz
Меню

Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау

Как получить услугу
Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің көшірмелері.

  2. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде).

  3. Жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері.

  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша).

  5. Жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері.

  6. Инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері.

  7. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін).

  8. Жерүсті немесе жерасты көздерінен суды тікелей (бастапқы) алған жағдайда арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.

АШТӨ суармалы су беру қызметтерін су беру ұйымдарынан алған жағдайда су ұйымдарымен жасалынған келісім-шартты ұсынады.

Егер суарылмайтын жерлерге суарылатындай жағдай жасалса, инвестор Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне (суарылмайтын егістіктен суарылатын егістікке) ауыстыруды қамтамасыз етеді.

  1. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы.

  2. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.

Результат оказания услуги
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Полное название
Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

14 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Место предоставления услуги
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы