
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің (үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің өзінің қатысуы) жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның цифрлық нысаны және тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімі.
2. Жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат немесе оның цифрлық нысаны (14 жасқа толған балалар – туу туралы куәлік).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
30 минут ішінде