1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
11) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
12) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
13) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
15) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
16) он жасқа толған баланың қонақтайтын отбасына беруге келісімнің жоқтығы;
17) қызмет алушының тұрғын үй алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға он бес шаршы метрден кем болуы.