
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш.
2. Сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің, оның ішінде банктің немесе осыған ұқсас мекеменің кепілдігінің болуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі.
Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе басқа да қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, обьектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
3 жұмыс күні