Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз.
Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
Өтінімге ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Өтініш.
2. Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Адвокат жүгінген жағдайда – адвокатты куәландыру және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарлама.
Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығы.
Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда - тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат.
Мұрагерлер жүгінген жағдайда - мұраға құқық туралы куәлік.
3. Жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны бұйрыққа сәйкес белгіленген мөлшерде есептеледі
8 жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.