
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Рұқсат беру туралы өтініште:
жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін – сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін көрсетуді, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш иесі қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтерді.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Рұқсат беру туралы өтініште:
жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін – сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін көрсетуді, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш иесі қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтерді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру не дәлелді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде лицензия беруден бас тартады:
1) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануына алып келсе;
4) егер рұқсат беру туралы өтініш осы Кодекс талаптарына сәйкес келмесе;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына осы Кодексте тыйым салынған болса;
6) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылатын болса;
7) мемлекет басым құқығын іске асыратын болса;
8) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмейтін болса;
9) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
11) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Бір ай ішінде, ал ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерін қозғайтын ірі кен орындары мен жер қойнауы учаскелері бойынша – өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде.