
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Телнұсқаны беру кезінде:
Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.
Білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиантының мәртебесі туралы ақпарат қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Егер құжат (диплом/сертификат) және оған қосымшалар шет тілінде болса, белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы функционалдық міндеттеріне сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды қоса береді.
Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қолымен (болған жағдайда) және мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған не нотариат куәландырған нысанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының таратылуы шектелген ақпаратты қамтитын құжаттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылдайды.
Мемлекеттік аудитор сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты;
8) өтініш беру сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болуы;
9) Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартуы.
10) көрсетілетін қызметті алушының Ұлттық комиссияға әңгімелесуге келмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
6 ай ішінде