
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз.
Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
Өтінімге ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықытық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкескелмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
4 жұмыс күні
Тегін