gov.kz
Меню

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат қағазы

Как получить услугу
Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Результат оказания услуги

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
3) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
4) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
8) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
10) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
11) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
12) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;
13) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
14) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
17) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
18) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
19) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
20) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
21) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
22) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
23) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру
Получатели услуги
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

2 АЕК

Срок оказания услуги

15 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Место предоставления услуги
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы