
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлардың болмауы;
3) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесінің қайтыс болуы;
4) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
8) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
10) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
11) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
12) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;
13) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер № 602 Бұйрығының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
14) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса;
17) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
18) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
19) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
20) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
21) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
22) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
23) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК
3 АЕК
15 жұмыс күні