
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиалын ашу туралы шешімі.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған).
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәліметтер, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған, соңғы аяқталған екі қаржылық жыл ішіндегі қаржылық есептілікті (бар болса шоғырландырылғанды қоса алғанда) ұсына отырып.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.
7. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары.
8. Резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиалын ашуына қарсылықтардың болмауы туралы жазбаша хабарламасы не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып мемлекеттің заңнамасы бойынша ондай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініш.
9. Резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының болуы туралы жазбаша растауы.
10. Резиденті Қазақстан Республикасының березидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнама талаптарының өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде бұзылмауы туралы жазбаша растамасы.
11. Резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтайшысының (құрылтайшыларының) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін соттылығы жоқ екендігі, сондай-ақ құрылтайшы (құрылтайшылар) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырмағандығы туралы жазбаша растамасы.
Көрсетілген талап лицензиядан айырғаннан кейін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады.
12. Резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі.
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалын есептік тіркеуге құжаттар.
14. Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама не уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
50 жұмыс күні ішінде