
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Лицензия беруден бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпарат беру;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтінішпен жүгінбесе;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 11, 12, 13-баптарында және 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірін сақтамау;
4) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін сақтамау;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш берген кезде Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімді сақтамау;
6) егер қызмет көрсету мәні қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы үшін қызметтің түрімен айналысуға Заңмен тыйым салынса;
7) лицензиялық алым енгізілмесе;
8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың лицензиялауға жататын қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
10) сот орындаушысы ұсынымының негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салса;
11) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленсе.
Лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер:
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда;
2) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Қазақстан Республикасының Заңдары:
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:
1) лицензия бергені үшін 30 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің - 10 пайызын құрайды;
3) лицензияны телнұсқасын бергені үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің - 100 пайызын құрайды.
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру кезінде – 30 жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні ішінде;
3) микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні ішінде.