gov.kz
Меню

Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Результат оказания услуги

Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы), банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау (жеке тұлғаға немесе көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақсыз қаржылық жағдайы.
Көрсетілетін қызметті алушының орнықсыз қаржылық жағдайы деп мынадай белгілердің біреуінің болуы түсініледі:
  • көрсетілетін қызметті алушы - көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы болып көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы мәртебесін иеленуге өтініш берген сол қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өтініш берілген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған заңды тұлға;
  • көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталына қатысу үлесіне орналастырылған активтер сомасын шегергенде және қаржы ұйымының акцияларын иеленуге болжанатын активтерінен асып түседі;
  • аяқталған 2 (екі) қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша шығындар;
  • көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіреді;
  • банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының мерзімі өткен және (немесе) теңгеріміне жатқызылған көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымы алдындағы берешегінің болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
  • көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) қаржы ұйымының акцияларын иелену үшін жеткіліксіз;
  • уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған, көрсетілетін қызметті алушының орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне, инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына шығын келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер;
3) ұсынылған құжаттардың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының талаптарына сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу;
5) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 9-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 16-тармағының 5) тармақшасына сәйкес белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда;
6) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 6-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, сақтандыру холдингтеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
7) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау тиісінше қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауын болжайды;
8) көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында мұндай лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болмауы;
9) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында не оның бас ұйымында тізбесін уәкілетті орган Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен қажетті рейтингінің болмауы;
10) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
11) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері - заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
12) көрсетілетін қызметті беруші немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген реттеу режимін банкке қолдану, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы қаржы нарығында не қаржы ұйымын, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген немесе оны Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттің заңнамасында белгіленген банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар.
Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
13) банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниеттенген Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
14) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк конгломератына қатысушы елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындау мүмкін болмайтындығына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін еместігі;
16) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы;
Егер банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес банкті, еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру, сатып алу не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына елеулі қатысуды иелену үшін басқа банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті болған жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-6-бабының 3-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсат беруден бас тарту негіздері болған кезде уәкілетті орган банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады;
17) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған көрсетілетін қызметті алушының бенефициарлық меншік иесі-заңды тұлғаның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға саласындағы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы;
18) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық дәйексіздігін анықтау;
19) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
21) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги
50 жұмыс күні ішінде
 
Бұл мерзім «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-5-бабының 15-тармағында көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.
 
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген өтінішті уәкілетті орган порталға жүгінген күннен бастап 65 жұмыс күні ішінде қарайды.
 
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтінішті уәкілетті орган порталға жүгінген күннен бастап 65 жұмыс күні ішінде қарайды.
Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Место предоставления услуги
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы