Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10333, 2015 жылдың 20 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келмеуі;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
7) Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия беру - 50 АЕК
Қайта ресімдеу - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды
Лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны алу - 10 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні ішінде.