
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
1. Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсыну.
2. Құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну немесе құжаттардың заң және Қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі.
3. Егер төлем ұйымының атқарушы органының басшысы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
4. Егер төлем ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбесе.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептерді жойған кезде тіркеуге өтінішті қайта береді немесе атауын өзгерту немесе қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.
Төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептердің жойылмауы қайта қарастырудан бас тартуға негіз болып табылады.
Тегін
15 жұмыс күні ішінде